473.59
544.68
5.94
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Дипфейк пен жалған брокерлер: интернет-алаяқтардан сақ болыңыздар
Жаңалықтар

Дипфейк пен жалған брокерлер: интернет-алаяқтардан сақ болыңыздар

31.07.2026
мин
0
183

Ішкі істер министрлігі азаматтарды дипфейк технологиялары мен жалған брокерлер арқылы жасалатын интернет-алаяқтықтан сақ болуға шақырып, күмәнді инвестициялық ұсыныстарға сенбеуге кеңес берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Соңғы уақытта Қазақстан Республикасының аумағында түрлі жобаларға инвестиция салу және ақша енгізу сылтауымен жасалатын интернет-алаяқтық фактілері жиілеп кетті.

Қаскөйлер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде дипфейк (жасанды интеллект) технологияларын пайдаланып, танымал тұлғалардың бейнелерін қолдану арқылы азаматтарды түрлі инвестициялық жобалар мен қорларға қаражат салуға үгіттейді. Бұл ретте олар азаматтарға жылдам әрі кепілдендірілген табыс табуға уәде береді.

Жалған брокерлермен байланысқа шыққан кезде олар мобильді қосымшаларды орнатуды, сілтемелерге өтуді немесе ақшаны "инвестиция", "аккаунтты тіркеу" не "табысты ұлғайту" деген желеумен үшінші тұлғалардың шоттарына аударуды ұсынады.

Әдетте, ақша аударылғаннан кейін жалған брокерлермен байланыс үзіліп, уәде етілген табыс түспейді. Кейбір жағдайларда алаяқтар "салықтарды", "алымдарды" немесе "сақтандыру жарналарын" төлеу қажеттігін алға тартып, азаматтардан қосымша ақша талап етуді жалғастырады.

Барлық анықталған факті бойынша ІІМ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде, қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау, сондай-ақ алаяқтық интернет-ресурстар мен ақша қаражатын шығаруға арналған арналарды бұғаттау жөнінде шаралар қабылдауда.

Осыған байланысты Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті азаматтарды қырағы болуға және мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады:

  • "Кепілдендірілген" табыс туралы ұсыныстарға сенбеу;

  • Белгісіз адамдарға және күмәнді шоттарға ақша аудармау;

  • Күмәнді сілтемелерге өтпеу және тексерілмеген көздерден қосымшаларды орнатпау;

  • Компаниялар туралы ақпаратты тек ресми дереккөздер мен мемлекеттік тізілімдер арқылы тексеру;

  • Инвестиция салуды жоспарлаған жағдайда инвестициялық нарықты зерделеп, тексерілген компаниялардың ресми кеңселеріне ғана жүгіну.

Егер сіз интернет-алаяқтықтың құрбаны болсаңыз немесе осындай фактілер туралы ақпаратқа ие болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша ішкі істер органдарына немесе "102" арнасына дереу хабарласуыңызды сұраймыз.

Ішкі істер министрлігі интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда және азаматтарды интернет желісінде қаржылық операцияларды жүзеге асыру кезінде барынша сақ болуға шақырады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл