| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
ДНҚ қылмыскерлерді әшкереледі. Екі облыста ескі кісі өлтіру деректері ашылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ішкі істер министрлігі бұрынғы жылдары жасалып, ұзақ уақыт бойы ашылмай келген ауыр және аса ауыр қылмыстарды тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Заманауи технологиялардың көмегімен өткен жылдардағы қылмыстардың беті ашылып, күдіктілер жауапқа тартылуда.
Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері 1990 жылдар мен 2000 жылдардың басында тіркелген ашылмаған ауыр және аса ауыр қылмыстық істер қайта зерделенген. Тергеу барысында жаңа әдістер мен цифрлық шешімдер кеңінен қолданылып келеді.
Қазіргі таңда Ішкі істер министрлігі базасында жұмыс істейтін молекулалық-генетикалық зертхана қылмыстарды ашуда маңызды рөл атқаруда. ДНҚ-сараптамаларының нәтижесінде бұрын дәлелденбей келген көптеген деректер нақтыланып, тергеу барысы жаңа арнаға түскен.
Жүргізілген кешенді жұмыстардың нәтижесінде биыл ондаған ауыр және аса ауыр қылмыс ашылды. Жиналған айғақтар негізінде күдіктілер өз кінәларын мойындап жатыр.
Соның ішінде Павлодар және Қарағанды облыстарында өткен жылдардағы адам өлтіру деректері ашылды. ІІМ жедел-криминалистикалық департаментінің бастығы Сергей Стихеевтің айтуынша, бұл істерді ашуда ДНҚ-сараптамасы негізгі рөл атқарған. Қазіргі уақытта күдіктілер сот шешімін күтіп отыр.
Министрлік өкілдері өткен жылдардағы қылмыстарды ашу жұмыстары ерекше бақылауда екенін атап өтті. Құқық қорғау органдарының пікірінше, әрбір ашылған қылмыс – әділдіктің салтанат құруының және жазаның бұлтартпастығы қағидатының нақты көрінісі.
Мамандардың айтуынша, уақыт қылмыскерлер үшін қорған бола алмайды. Заңды өрескел бұзған әрбір адам ерте ме, кеш пе анықталып, заң алдында жауап береді.