Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Доллар 500 теңгеге дейін өседі": Қаржы мамандары шетел валютасының қымбаттайтынын айтты

21.12.2021
1 мин
12
9886

Доллар келесі жылы 500 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Бұл туралы экономист Бекнұр Қисықов болжады. Қазақстан қор биржасы сессиясының қорытындысы бойынша доллардың бүгінгі бағамы - 436 теңге 25 тиын. Елордалық тұрғындар теңгенің құнсыздануы, азық-түлік бағасына әсер ете ме деп қорқады. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Доллар бағамы соңғы кезде жиі өзгеретін болды. Тұрғындар бұл азық-түліктің бағасына әсер ете ме деп алаңдайды. Себебі, жалақыдан жалақыға жан бағу, онсызда оңай болмай кеткеніне шағымданады. Долларды сатып алудың қалғаны қашан, дейді олар.

Сарапшылардың саралауынша әлем экономикасы да қазір шатқаяқтап тұр. Оған омикрон штамы себеп болған. Осының кесіренен мұнай бағамы арзандады. Ал бұл теңгенің әлсізденуіне апарып соқтырған.

"Бүкіл қаражатыңызды бір валютада сақтамаңыз. Бәрін долларға да салып қоюға болмайды. Бөліп-бөліп, 3 валютада ұстаңыз. Біраз бөлігін долларда, біразын еврода, біразын теңгеде деген сияқты. Болмаса оның орнына алтын да алуға болады. Шетел валютасын сатып алып қою керек. Көбірек басымдықты сол жаққа беру керек", - дейді экономист Мақсат Халық.

Экономика ғылымдарының докторы Вячеслав Додонов болса, қаржы саласында алдағы жылы да айтарлықтай қиындықтар болуы мүмкін екенін жасырмайды. Оның болжамына сай, келер жылы 1 доллардың құны 455-470 теңге аралығында сатылмақ.

Ал экономист Бекнұр Қисықов доллар бағамының өсуіне бірінші кезекте мұнай бағасының әсер ететінін айтады.

"Менің ойымша, доллар 470 болады, тіпті 500-ге жақындайды. Бірінші кезекте, әрине мұнайдың бағасы. Бұл тікелей себепші. Біз әрқашан Ресейде болып жатқан жағдайға қараймыз. Барлығымыз білетіндей, санкциялық шаралар Ресей экономикасына үлкен әсер етті. Әрине, соның салдарынан доллар қымбаттады. Біз Ресеймен тікелей серіктес ретінде және олармен Еуразиялық экономикалық одақпен бір одақта болғандықтан бізге әсерін тигізеді", - дейді Қисықов.

Доллардың нығаюы аясында қазақстандықтардың америкалық валютаға деген сенімі уақыт өткен сайын артып келеді. Халық өз жиған-тергендерін "америкалық" валютада сақтауды жөн санайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
12 Пікір
Ж
Жамал 30.12.2021
Ақшамыз кредиттен ауыспайды қайдағы доллар
Жауап беру
Қ
Қарлығаш 27.12.2021
Жоғарыдағы отырған экономист, қаржыгерлерге ризамын. Айлығыңды шайлығыңа жеткізе алмай отырғанда үшке бөліп шетел валютасын алып қойыңдар дейді. Қарапайым халықта шетел валютасы түгілі енді айға дейін жететін теңге қала ма деп сұрасаңшы.
Жауап беру
Ж
Жанар 25.12.2021
ХАЛЫҚҚА ЖАҚСЫ ЕМЕС КОЙ
Жауап беру
А
Айдос 24.12.2021
Доллар өседі емес, теңге төмен түседі деген дұрысыр ақ болар.
Жауап беру
М
Макпал Макпал 22.12.2021
Менде доллар көтеріледі деген ойдамын
Жауап беру
К
Кажа 21.12.2021
Осы орнында турады меним болжамым
Жауап беру
Р
Раушангул 21.12.2021
"2022жылы жетістікке жететін адамның күнделігі " сатылымда тезірек алып үлгеріп қалыңыздар , бағасы 4000теңге тел: wa.me/+77052755458
Жауап беру
А
Айым 23.12.2021
Қандай
Жауап беру
Д
Динара 21.12.2021
Доллар ды алып тастайық өтініш қарапайым халык ты ойласаңыз дар
Жауап беру
Д
Динара 21.12.2021
Доллар ды алып тастайық өтініш қарапайым халык ты ойласаңыз дар
Жауап беру
Б
Бахыт 21.12.2021
Өткен жылы ақ 2021 жылы басталарда доллар 500 болады деп еді ғои
Жауап беру
А
Асеке 21.12.2021
қанша жыл болды солай айтып келе жатканына. котерілсе котерілер, бірақ 500-ге барай коймайды, менің ойымша 450 болып калады
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл