| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы қайта өсіп, орташа өлшенген бағам 489,33 теңгені құрады. Бұл алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда 1,44 теңгеге жоғары. Ал Қазақстан Ұлттық банкінің ресми бағамы 487,76 теңге болып белгіленген, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы 486,00 теңге болса, сату бағамы 492,97 теңгеге жетті. Еуро 563,00 теңгеден сатып алынып, 573,00 теңгеден сатылуда. Ресей рублі 6,49–6,80 теңге аралығында саудаланса, қытай юані 68,84 теңгеден сатып алынып, 73,93 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде доллардың сатып алу бағамы орта есеппен 489,22 теңгені, ал сату бағамы 491,35 теңгені құрады. Еуро бағамы 563,24–569,15 теңге аралығында болса, рубль 6,54–6,66 теңге аралығында саудалануда. Юаньды сатып алу бағамы 70,47 теңге болса, сату бағамы 73,02 теңгеге жеткен.
Айта кетейік, 11 маусымдағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,8 теңгеге төмендеп, 487,76 теңге болған еді. Алайда апта соңында ұлттық валютаға қатысты доллардың нығаю үрдісі қайта байқалды.