Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Домбыра - жанның рухани азығы
Жаңалықтар

Домбыра - жанның рухани азығы

02.07.2023
5 мин
0
607
Фото: abai.kz

Шілденің алғашқы жексенбісінде ұлттық домбыра күнін атап өту 2018 жылы 12 маусым күні Ақордада бекітілген болатын, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Домбыра тарихи замандарында халқымыздың мұң-мұқтажын жырлап, жаугершілік кезеңде рухты көтерген. Ғасырлар бойы қасиетті тұмардай, көзінің қарасындай сақталып, бүгінгі күнге жеткен домбыра аспабы, музыкалық мәдениеті, күйлердің түп-тамыры, ежелгі салт-санамен астасып, ұғым-түсінікпен ұштасып жатыр.

Халқымыздың мұңы мен зары, қуанышы мен күйініші, қайғысы мен қасіреті, аңсаған арманы, іздеген мұраты сол киелі домбыраның қос ішегінен күй болып төгіледі. Осы құдіретті жоғалтпай, бар нәрімен бүгінгі күнге жеткізген екі құдіретті күш бар. Бірі – киесі асып-тасыған аспап – домбыра, екіншісі – сол домбыраны сөйлетіп қана қоймай, уақыт шежіресін күй ғып жазған, сол арқылы халқына рухани қуат берген күйші композиторларымыз.

Домбыраның шығу тарихы жөнінде сәл сөз қозғасақ, төртінші ғасырда Арал теңізінің батысында Хорезмнің қасында «Қой қырылған» және Жамбыл өңіріндегі археологиялық қазбалардан тасқа қашалған екі ішекті аспаптың суреті табылған екен. Ғалымдар соған қарап «домбыра тас дәуірлерде пайда болуы мүмкін» деп болжайды. Әл-Фарабидің еңбектерінде «қос ішек адамның денсаулығын жақсартып, өмірін ұзартады, күш-қуатын арттырып, батылдыққа баулиды» деп жазылған.

Домбыраның құндылығы мен қазақпен егіз ұғым екенін айтып кеткен Қадір Мырза-Әлидің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» деген ұлы сөзі әрбір қазақтың аузында жүр.

Домбыра туралы айтар сөз де, зерттейтін дүние де жетіп артылады. Бұл қастерлі аспап туралы  Әбу Насыр әл-Фараби де, Ақселеу Сейдінбек те, Таласбек Әсемқұлов та зерттеген. Қазаққа дарыған асыл аспабымыздың - әлі талай ғасыр рухани азығымыз болатынына күмән келтірмейміз!

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
286
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл