476.75
541.59
6.06
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Дронмен жеткізу: Астанада жаңа сервис сынақтан өтіп жатыр
Жаңалықтар

Дронмен жеткізу: Астанада жаңа сервис сынақтан өтіп жатыр

28.07.2026
мин
0
113

Қазақстанда дрон арқылы тауар жеткізу технологиясы пилоттық режимде сынақтан өткізілуде. Жоба аясында арнайы постаматтар арқылы тапсырыс беру және алу жүйесі тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Пилоттық жоба кезінде пайдаланушылар QR-кодты сканерлеу арқылы сусындар, тәттілер, ойыншықтар және салмағы 2,5 келіге дейінгі басқа да тауарларға тапсырыс бере алады. Дрондар алдын ала белгіленген маршрут бойынша автоматты түрде ұшып, тапсырысты арнайы постаматқа жеткізеді. Жеткізу аяқталғаннан кейін клиенттің телефонына бір реттік SMS-код жолданып, сол код арқылы постаматтан тапсырысын алады.

Мамандардың айтуынша, жүйеде қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылған. Ұшу барысында қандай да бір техникалық ақау туындаса, қосымша қорғаныс механизмдері автоматты түрде іске қосылады.

Қазіргі уақытта жоба аясында шамамен 30 дрон сынақтан өтіп жатыр. Егер пилоттық кезең сәтті аяқталса, сервисті алдымен Алматыда іске қосу, кейін басқа қалаларға, соның ішінде Астанаға да кеңейту жоспарланып отыр.

Бұл жоба қала ішіндегі жеткізу қызметін жеделдетуге және заманауи логистикалық шешімдерді дамытуға бағытталған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл