| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Денсаулық сақтау министрлігі балаларға арналған вакциналарға қатысты әлеуметтік желілерде тарап жатқан қауесеттерді жоққа шығарды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ведомство бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және ата-аналарды жаңылыстыратынын мәлімдеді.
Министрліктің түсіндіруінше, Қазақстанда Ұлттық екпе күнтізбесі аясында қолданылатын барлық вакциналар қатаң тексеруден өтеді. Олар халықаралық және ұлттық сараптамадан кейін ғана пайдалануға жіберіледі және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптары мен қолданыстағы заңнамаға толық сәйкес келеді.
Сонымен қатар, вакциналар төмен баға қағидаты бойынша емес, сапа, қауіпсіздік және тиімділік көрсеткіштері негізінде сатып алынады. Бұл ретте клиникалық зерттеулердің нәтижелері, өндірістің халықаралық стандарттарға сәйкестігі және қолданғаннан кейін тіркелген жағымсыз реакциялар туралы деректер ескеріледі.
Ведомствоның мәліметінше, елде вакциналардың ықтимал жағымсыз әсерлерін бақылау жүйесі тұрақты түрде жұмыс істейді. Әрбір жағдай жеке қаралып, қандай да бір қауіп анықталған жағдайда тиісті шаралар жедел қабылданады.