Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ECER-2023:  Шотландияда NIS мұғалімінің зерттеу жұмысы жоғары бағаланды
Жаңалықтар

ECER-2023: Шотландияда NIS мұғалімінің зерттеу жұмысы жоғары бағаланды

07.09.2023
1 мин
0
646

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімі Гүлмира Бесенбаева Шотландияның Глазго қаласында өткен ECER-2023 (European Educational Research) халықаралық конференциясында «The best poster» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мұғалім-модератор шетелдік әріптестеріне өзінің «Жоғары дәрежелі сұрақтарды жүйелі пайдалану арқылы биология сабақтарында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбындағы зерттеу тәжірибесімен бөлісіп, оның маңыздылығына тоқталды.  

Гүлмира Сембайқызы тақырыпты зерделеу барысында стандартты емес әдістерді қолданған. Яғни сұрақтардың мазмұнына ерекше мән бере отырып 8-10 сынып оқушылары арасында сыни ойлау дағдыларын дамытқан.

«Оқытуда жоғары деңгейлі ойлау стратегияларын қолдану оқушыларды сұрақтар қоюға, әртүрлі көзқарастарды қарастыруға және  түрлі ақпарат бөліктері арасында байланыс орнатуға итермелейді. Нәтижесінде студенттер жазбаша материалдардың мәнмәтінін, мақсаты мен маңыздылығын тереңірек түсініп,  функционалдық сауаттылықтарын арттырады»,- дейді ұстаз.

Алғаш рет еуропалық конференцияға қатысқан педагог-модератор, халықаралық деңгейдегі конференция ұстаздар қауымына зерттеу стратегиясын құруға және дамытуға көмектесетін бірден-бір орта екенін атап өтті.

Айта кетейік, биыл халықаралық конференцияға әлемнің 80 елінен 3500-ге жуық зерттеуші мұғалім қатысты.  

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл