Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Еденге құлап түсті". Теміртау перзентханасында нәресте мерт болды

21.02.2022
1 мин
5
1786

Өткен демалыста Теміртау қаласының көпбейінді ана мен бала орталығында нәресте мерт болды. Босанған әйелдің айтуынша, медициналық көмек уақытылы көрсетілмегендіктен, ол тұрып босанған, содан нәресте еденге құлаған. Әйел қызының өліміне медицина қызметкерлерінің кінәлі екенін дәлелдеуге ниетті. Бұл туралы Dauletten.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

33 жастағы Айжан Шахманова Көпбейінді аналар мен балалар орталығына 19 ақпанда түскен. Әйел жүктілігінің 40-шы аптасында еді. Бұл Айжанның үшінші нәрестесі. Оның үлкен балалары 12 және 11 жаста.

"Сәбиімізді асыға күттік, оны Айша деп атағымыз келді. Мен ауруханаға шамамен 23.30-да түстім. Қабылдау кезінде бәрі жақсы болды, жүрек соғысы қалыпты, толғақ орташа, әр бес минут сайын. Маған таңға жақын босанатынымды айтты. Шамамен 01.50-де толғақ жиілей түсті. Қайтадан ұрыққа кардиотокография жасады, сәбидің жүрек соғысын тыңдады, орындықта тексерді. Сол кезде босанатынымды айтып айғайлаған едім. Бірақ олар тексеруден өтіп жатқан басқа әйелдермен бірге босану залына апаратынын айтты. Мен толғақ басталды деп айғайладым, бірақ мені тыңдаған адам жоқ, елемеді", - деді Айжан.

Лифтіде әйелден қағанақ суы кеткен. Босану бөлмесіне де өзі баруға мәжбүр болғанын айтты. Бөлмеге кіре бергенде тағы да толғақ қысып, төсекке жарты метр қалғанда босанып қойған. 

"Толғақ бастағанда босанайын деп жатқанымды айтып айғайладым. Енді төсекке қолым тие бергенде ішімнен нәресте шығып, еденге бірақ түсті. Одан әрі линолеуммен тағы жарты метрге домалап кетті... Жанымдағы мамандар, шамамен 5-7 адам: "Не істеп жатырсыз, не істеп жатырсыз" деп айта бастады... Мен кім кімге не айтып жатқанын түсінбедім... Медициналық қызметкерлер қобалжи бастады, бала ешқандай дыбыс шығармады. Кіндік кесілмеді, ол менен ажырап кетті", - дейді Айжан.

Одан әрі Айжаннан қан кете бастап, анестезия салынған. Ол оянғанда телефон берілмей қойғанын айтты. Таңертең ғана ұялы телефонын алып, 102 нөміріне қоңырау шалған. Босанған әйелдің айтуынша, полиция қызметкерлері баланың өлімі туралы дәрігерлерден емес, одан білген.

"Перзентхана бала өлгенін полицияға хабарламаған. Қызметкерді де мен жатқан реанимацияға өткізгісі келмеді. Мен болған оқиғаға кінәлі әрбір медицина қызметкері жазаланғанын қалаймын. Өйткені менде ешқандай патология болған жоқ, тоғыз ай қызымды көтеріп, күттім, армандадым", - дейді әйел.

Теміртау қаласының көпсалалы ана мен бала орталығы аталған дерек бойынша қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілі өңірлік Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті тарапынан тексеру жүргізуге бастама жасайтынын атап өтті.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі де жағдайға түсінік берді.

"Бұл дерек полицияда тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр", - деді ведомство өкілдері.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
5 Пікір
Д
Дина 22.02.2022
Менде екі баламда суым үйде кетіп қалды. Біріншісінде таңертең смена ауысқанша терең демалтып жатқызып қойған, келесі сменадағы врач өте жақсы кісі еді, судың түсі өзгеріп кетті бала тұншығып қалады срочно кесір тілігін жасаймыз деген оған үлгермей босандым. Екінші су кеткенде қылқылдап отырсам тағы бала тұншығып қалмасын деп, олар жоқ су кеткен соң 24сағатқа дейін тұншықпайды, сенде толғақ жоқ деп кетіп қалды. Тағы да түнгі смена, толғақ келгенде шақырдым. Родзалға алып барды, дәрігер қарады да тамырға дәрі жіберді. Мен босандырады деп жатсам сол күйі ұйықтап қалдым, сүйтсем толғақты қайтарып тастаған. Келесі смена врачтары суы жасылданып кетті, бала тұншықпасын деп күшпен босандырды. Балаларымның өмірін сақтаған дәрігерлерге алла разы болсын!
Жауап беру
И
Индира 22.02.2022
Мен ушиншимди босандым, менен ешким ештене даметкен жок. Мен озим кайта босанганнан сон суйиншиниз деп тыкпаштадым. Олар маган акшанын керек еместигин айтты, жумысымыз осы деп.
Жауап беру
А
Айгерим 21.02.2022
Әрине көп қазір роддомға барсаң ақша бермесен карамайды,әлі босанбайсын жата бер деп кетип калады,партнерскийді де алып тастады,өзім біріншімде қатты қиналдым қарамай қойған,содан тусиндим акша даметип турғанын,көңілім қатты қалды,босанғанда баламнын бір қолын шығарып алған олар,роддомнан қолымыз шығып шыққан,содан салдырдық
Жауап беру
Ж
Жазира 22.02.2022
Оте дурыс аитасыз акша бермесен карамайды
Жауап беру
Г
Гульфайруз 21.02.2022
Осындай жағдацлар коптеп белең алуда даригерлер ана мен бала омирине жауаппен караса Денсаулык саактау уйымы тарапынан жұмыстар жүргізіліп жағдай бей жай қалмаса екен
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл