457.99
534.15
5.47
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Егін, мал, мүлік: Қазақстанда сақтандырудың міндетті түрлері көбейеді
Жаңалықтар

Егін, мал, мүлік: Қазақстанда сақтандырудың міндетті түрлері көбейеді

24.08.2026
мин
0
93
Сурет: azattyq-ruhy.kz

Қазақстанда міндетті сақтандыру саласын кеңейту ұсынылып отыр. Жаңа бастама жүзеге асса, кәсіпкерлер, фермерлер, жылжымайтын мүлік иелері және шетелдік туристер үшін қосымша сақтандыру талаптары пайда болуы мүмкін, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстанның сақтандыру нарығын 2030 жылға дейін дамыту бағдарламасын таныстырды. Құжатта міндетті сақтандырудың тағы бес бағытын кезең-кезеңімен енгізу ұсынылған.

Ұсыныстардың бірі — агросақтандыру. Бұл жағдайда фермерлердің егістігі, малы және ауыл шаруашылығына қатысты нысандары сақтандырылуы мүмкін. Жаңа механизм ауыл шаруашылығы саласындағы тәуекелдерден болатын шығынды азайтуға бағытталмақ.

Екінші бағыт — шағын және орта бизнесті сақтандыру. Мұнда кәсіпкерлік қызмет кезінде адамның өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келген жағдайда жауапкершілікті сақтандыру қарастырылған. Алғашқы кезеңде мұндай талап мемлекеттік бағдарламаларға қатысатын кәсіпкерлерге қолданылуы ықтимал.

Үшінші ұсыныс — мүлікті өрттен міндетті сақтандыру. Алдымен адамдар көп жиналатын нысандарды қамту, кейін бұл талапты жалға берілетін жылжымайтын мүлікке кеңейту қарастырылып отыр.

Тағы бір маңызды бағыт — табиғи апаттардан сақтандыру. Жоба аясында тұрғын үйлерді жер сілкінісі, су тасқыны, көшкін және орман өрттері сияқты қауіптерден міндетті түрде сақтандыру мүмкіндігі қарастырылуда.

Бұл бағыт бойынша әзірге заң жобасы дайындалып жатыр.

Сондай-ақ Қазақстанда жүрген шетелдік туристер мен азаматтарды медициналық сақтандыру ұсынылды. Мұндай полис шұғыл медициналық көмекке, қажет болған жағдайда тасымалдауға және азаматты өз еліне қайтаруға жұмсалатын шығындарды жабуы мүмкін.

Дегенмен ұсынылған бес бағыттың барлығы бірден міндетті талапқа айналмайды. Табиғи апаттардан сақтандыру бойынша заң жобасы әзірленіп жатса, қалған төрт бағыт әзірге ұсыныс ретінде қарастырылып отыр.

Қазіргі таңда Қазақстанда автокөлік иелерінің жауапкершілігін сақтандыруды қоса алғанда, 8 міндетті сақтандыру түрі бар. Бұдан бөлек, белгілі бір қызмет түрімен айналысу үшін талап етілетін 10 сақтандыру түрі қолданылады.

Егер ұсыныстар кезең-кезеңімен қабылданса, міндетті сақтандыру жүйесі кеңейіп, азаматтар мен бизнес үшін жаңа қаржылық міндеттемелер пайда болуы мүмкін.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл