Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Egov.kz-те әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар рәсімдеу жеңілдей түсті
Жаңалықтар

Egov.kz-те әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар рәсімдеу жеңілдей түсті

27.04.2022
1 мин
0
1903

 Egov.kz порталында әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар рәсімдеу үшін арнайы шот автоматты түрде қолжетімді болды.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қоғаммен байланыс басқармасының мәліметінше, процесті қайта қараудың арқасында жеті әлеуметтік төлем алу ыңғайлы әрі жеңілдей түсті. Электрондық үкімет порталында үш банктің арнайы шоттары автоматты түрде ашылады.

«Енді eGov.kz порталында әлеуметтік төлемдерді, жәрдемақыларды және зейнетақыларды рәсімдеу үшін өтініш берген кезде 20 таңбалы шот нөмірін (IBAN) қолмен енгізудің қажеті жоқ. Жүйе қолжетімді шоттарды өтініш берушінің ЖСН-і бойынша алады, бұл өз кезегінде шот нөмірін қате енгізуге жол бермейді. Жәрдемақы алу үшін арнайы шотты еліміздің үш банкінде ашуға болады: Halyk Bank, Kaspi.kz және «Банк ЦентрКредит» АҚ», - делінген хабарламада.

Бұл функция Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің келесі әлеуметтік мемлекеттік қызметтерінде қолжетімді: бала тууға және бала күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау; мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушыға жәрдемақы тағайындау; мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау; асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау; жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау; көп балалы отбасыға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау; мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау.

«Бұрын жеңілдіктер мен төлемдерге өтініш бергенде шот нөмірін қолмен енгізу қажет болатын, пайдаланушылар шот нөмірін енгізу кезінде жиі қателесетін. Енді қажетті банкті дұрыс таңдаған жағдайда, шот автоматты түрде пайда болады. Егер шотыңыз жоқ болса, онда қызметті алу кезінде ашуға болады. Жаңа функция уақытты үнемдейді және әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды өңдеу процесін айтарлықтай жеңілдетеді», - деп түсіндірді ведомстводан.

Банк картасындағы CVV коды нені білдіреді?
1158 адам
интернеттегі операцияларға арналған 3 таңбалы сан 0%
карта иесі жайлы нақты мәліметтер жинақталатын 9 таңбалы сан 0%
төлем жүйесінің голлограммасы 0%
банк идентификаторы, яғни картаның қай банктен шыққаны жазылады 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл