| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жанабыловтар ісі бойынша сот үкімі жарияланып, айыпталушыларға әртүрлі жаза тағайындалды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жанабыловтарға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша сот шешімі шықты.
Сот үкімімен Жанабылов 2 жылға шартты түрде сотталып, пробациялық бақылауға алынды. Сондай-ақ оның мүлкін тәркілеу туралы шешім қабылданды.
Ал Төлегеноваға 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда сот оның жазасын өтеуді 2028 жылға дейін кейінге қалдырды.
Прокурор сот процесі барысында Төлегеноваға 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын ұсынып, оны кейінге қалдыруды сұраған болатын. Бұл шешім келтірілген шығынның толық өтелуіне байланысты қарастырылған.
Сонымен қатар, оған пробациялық бақылау орнату және бірқатар міндеттер жүктеу ұсынылды. Талаптар бұзылған жағдайда кейінге қалдыру туралы шешім күшін жоюы мүмкін екені ескертілді.