462.87
540.72
6.16
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Екі өңірде ірі көлемдегі есірткі тәркіленді
Жаңалықтар

Екі өңірде ірі көлемдегі есірткі тәркіленді

24.04.2026
мин
0
123

Сәуір айының екінші онкүндігінде жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде есірткінің ірі партияларын тәркілеудің екі фактісі тіркелді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мысалы, Абай облысында жедел ақпаратты тексеру барысында қызметкерлер 21 жастағы жүргізушіні ұстады. Оның көлігін тексеру кезінде таратуға дайын 2 келіден астам гашиш майы анықталып, тәркіленді. Ұсталған азамат интернет дүкенінің кураторының нұсқауы бойынша есірткіні таратқанын мойындады.

Елорда өңірінде интернет-платформалар арқылы жұмыс істеген 26 жастағы әйел ұсталды. Ол аса ірі көлемдегі есірткіні жасырын таратумен айналысқан. Жеке тінту және жалға алынған тұрғын үйді тексеру барысында салмағы 1 келіден асатын екі пакет синтетикалық “A-PVР” есірткісі, электронды таразылар, орауға және таратуға арналған 100-ден астам Ziplock-пакет тәркіленді.

Жалпы алғанда, заңсыз айналымнан 45 мыңнан астам бір реттік дозаға тең есірткі тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Есірткі жеткізу арналары, олардың таралу маршруттары, сондай-ақ заңсыз қызметке байланысты қаржы ағындарының көздері анықталуда.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Әрбір тоқтатылған есірткі тарату арнасы — бұл дер кезінде жойылған қауіп.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл