Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Екінші апта қатарынан әлеуметтік азық-түліктің нөлдік өсуі тіркелді
Жаңалықтар

Екінші апта қатарынан әлеуметтік азық-түліктің нөлдік өсуі тіркелді

27.06.2023
2 мин
1
825
Фото: qaz365.kz

Өткен демалыс күндері ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қызылорда облысында сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы вице-министрлерінің, өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың, әкімдердің орынбасарлары мен еліміздің барлық облыстарының әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары төрағаларының қатысуымен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын реттеу мәселелері бойынша апта сайынғы жедел кеңесті өткізді, деп хабарлайды Dauletten.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Бағаны тұрақтандыру, белгіленген бағаларды орнату мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді форвардтық қаржыландыру, экспортқа бағдарланған компанияларды қолдау және т. б. алгоритмдер талқыланды.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне нөлдік өсім Қазақстанда екінші апта қатарынан тіркеліп отыр. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тұтыну бағаларының жалпы индексі 4,3%-құрады және бұл жақсы көрсеткішті жарты жылдықтың соңына дейін сақтау қажет. Бағаның тұрақтылығына ӘМАТ тобының неғұрлым проблемалы тауарлары бойынша нақты жұмыс арқылы қол жеткізілді», -  деді ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев. Оның айтуынша, жекелеген өңірлерде дефляция және ӘМАТ бағалар индексінің төмендеуі байқалады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
З
Замира 28.06.2023
Кім қадағалап жатыр азық - түлікті.Бәрі қымбат әшейін көзбояушылық бұл.Ешқандай арзан азық жоқ нанның өзі 140 тан Шымкентте.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл