Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Экология министрі Қазақстанда құрғақшылық қаупі жоғары өңірлерді атады
Жаңалықтар

Экология министрі Қазақстанда құрғақшылық қаупі жоғары өңірлерді атады

13.05.2025
1 мин
0
143
Сурет: world-nan.kz

Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев еліміздің кейбір аймақтарында құрғақшылық болуы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Министрдің айтуынша, биыл қыс мезгілі республиканың көп бөлігінде жылы және қар мол түскен. Бұл жағдай жердің жақсы ылғалдануына ықпал еткен. Солтүстік және орталық өңірлердегі егістік алқаптарында ылғал қоры жеткілікті және қолайлы деңгейде.

- Алайда, сәуір айында күннің күрт ысуы мен булану процесінің күшеюі топырақтағы ылғалдың тез жоғалуына әкеліп соққан. Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында егіс науқаны кезінде топырақта ылғалдың жеткіліксіз болуы мүмкін, — деді Нысанбаев.

Министр осындай жағдайларда астық егетін өңірлерге егіс жұмыстарын климаттық мерзімнен ертерек бастауға кеңес берді.

- Мамыр айында еліміздің көп бөлігінде ауа райы ыстық және құрғақ болады деп болжанып отыр. Атап айтқанда, Қостанай облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстарының оңтүстік-батысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, сондай-ақ Алматы мен Жамбыл облыстарының солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде және Ақтөбе, Атырау, Абай мен Түркістан облыстарының кейбір аумақтарында құрғақшылық болуы ықтимал, – деді министр.

Сонымен қатар, Ерлан Нысанбаев маусым және шілде айларында елімізде ауа температурасы қалыпты шектерде болады деп күтілетінін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін “Қазгидромет” мамандары да мамыр айында күннің негізінен ыстық әрі жауын-шашын аз болатынын болжаған еді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл