| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Атырау облысында табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтамаған мұнай өндіруші компанияға 27,5 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Атырау облысында жүргізілген тексеру нәтижесінде «Светланд-Ойл» ЖШС тарапынан бірқатар экологиялық заңбұзушылықтар анықталды. Қадағалау органдары компанияның тиісті рұқсат құжаттарынсыз атмосфераға шығарындылар мен қоршаған ортаға төгінділер жасағанын мәлімдеді.
Сонымен қатар өндірістік нысандардың экологиялық құжаттамалар толық рәсімделмей пайдаланылғаны белгілі болды. Тексеру барысында жердің мұнай өнімдерімен ластану фактілері және өндірістік қалдықтарды есепке алу талаптарының сақталмағаны да тіркелген.
Аталған заңбұзушылықтарға байланысты кәсіпорынға жалпы сомасы 27,5 миллион теңгеден асатын әкімшілік айыппұл салынды. Бұдан бөлек, рұқсатсыз шығарындыларды тоқтату мақсатында сотқа тиісті талап-арыз жолданған.