Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Экономика 6,3% өсті, бірақ жалақы қарқыны неге баяу?
Жаңалықтар

Экономика 6,3% өсті, бірақ жалақы қарқыны неге баяу?

26.02.2026
мин
1
186
Сурет: Aikyn.kz

2025 жылдың тоғыз айында Қазақстан экономикасы 6,3%-ға ұлғайды. Еңбек өнімділігі де 5,6%-ға артып, соңғы 13 жылдағы ең жоғары көрсеткіштердің бірін көрсетті. Алайда осы өсім халық табысына толық әсер етпей отыр. Яғни жалақы динамикасы баяулаған, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында елдегі еңбек өнімділігі нақты мәнде 5,6%-ға артты. Бұл – кейінгі он үш жыл ішіндегі ең жоғары нәтижелердің бірі. Жалпы ішкі өнімнің өсімі бұдан да жоғары болып, 6,3%-ды құрады.

Halyk Finance сарапшысы Арслан Аронов мәліметінше, өсімге бірқатар базалық салалар серпін берген. Өңдеу өнеркәсібі 5,7%-ға, құрылыс 16,8%-ға, ал көлік саласы 20,2%-ға кеңейген. Сонымен қатар мұнай өндірісінің артуы мен бюджеттік ынталандыру шаралары да экономикалық белсенділікті күшейткен.

Алайда негізгі мәселе — өнімділік артқанымен, жалақы өсімінің баяулауы.

Сарапшылардың айтуынша, 2023 жылдан бері еңбек өнімділігі мен еңбекақы арасындағы дәстүрлі байланыс әлсірей бастаған. 2025 жылы бұл айырмашылық айқын көрінді: өндіріс көлемі ұлғайғанымен, бизнес тиімділігі сол қарқынмен өспеуі мүмкін. Нәтижесінде қосылған құнның бір бөлігі еңбек нарығына емес, шығындарды жабуға немесе инвестицияға бағытталуы ықтимал.

Бұл жағдай экономиканың «сандық өсім» кезеңіне өткенін аңғартады. Яғни өндіріс көлемі артып жатыр, бірақ сапалы құрылымдық өзгерістер мен табыс өсімінің таралуы біркелкі емес.

Сарапшылар болжамынша, 2026 жылы экономикалық өсім қарқыны баяулауы мүмкін. Мұндай жағдайда еңбек өнімділігі де, жалақы динамикасы да төмен қарқынға түсуі ықтимал. Экономиканың тұрақты дамуы үшін өнімділік өсімі мен халық табысы арасындағы теңгерімді қалпына келтіру маңызды болмақ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
М
Макпал 26.02.2026
Менің жалақым 120 мың төрт баламен күн көру киындап кетті .Тендірмен жумыс жасайтын кампания кашан жойылады екен акшамызды жеп бітті беріп жаткан формалары жок отпуска жок пенсионка жок колма кол айлык аламыз айлығына қостым пенсионканы деп айтады договорсыз неге жумыс жасайды олар әлде солай рұқсат бердіңіздерма мен уран шығаратын жерде пол жуам айлык дурыс емес айналайындар ау тамак сурап жаткан жокпыз уйіміз жок деп жаткан жокпыз неге карапайым асыраушысы жок қатындардың айлығын дурыстамайды ең болмағанда 150-160 мыңға неге көтермеді амалымның жоктығынан журмін жумыс жасап кун көру керек заңсыз жумыс жасап откандарын неге тексермиді
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл