USD
EUR
RUB
Brent мұнайы
WTI мұнайы
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің ұсынысыңыз сәтті жіберілді, Рахмет!
Маман пікірі

Экономика қашан оңалады?

11.02.2021
1 мин
20
4430
Экономика қашан оңалады?

Дүниежүзілік банк болжамдарына қарағанда Қазақстан экономикасының тез арада түзеліп кетуі қиын. Оған себеп – мемлекетіміздің шикізатқа тәуелдігі мен карантин салдары.   

Сондай-ақ ел экономикасына Қытай сияқты көршілес мемлекеттерден экспортқа сұраныстың азаюы да кесірін тигізеді. Өйткені мұнай бағасы тұрақсыз.

Мамандардың айтуынша, экономикаға ықпал ететін тағы бір фактор – аймақтас елдердің хал-ахуалы. Себебі Ресей мен Қытай сияқты серіктестердің белгілі бір жағдайларға байланысты біздің шикізатымызға сұранысының азаюы да экономикамызға кері әсер етері анық. Мысалы, Қытай бензин және дизельмен жүретін көліктерді шығаруды тоқтатуды жоспарлап отыр. Яғни Қазақстанның мұнай нарығына Қытайдың аталған автокөлік өндірісінен бас тартуы да әсер етуі мүмкін.

Сонымен қатар, көршілес елдің болашақта бізбен бәсекеге түсуі мүмкін мұнай қоры барын да ескеру керек. Зерттеушілердің болжамынша, пандемиядан кейінгі дағдарыс Қытайдың экономика саласын қайта қарастырып, өзгерістер енгізуіне себеп болады. Өйткені биыл ондағы бірқатар зауыттар дағдарыс кесірінен жабылды. Ол өз кезегінде Қазақстан экспортына теріс ықпал етті.

Осы орайда, энергоресурстар бойынша сарапшы Эльвира Айдарханова алдағы уақытта Қазақстан да экономикасына өзгеріс енгізуге мәжбүр болады деп есептейді. Осыған байланысты, төмендегідей шешу жолдарын ұсынады.

  • Қазақстан мемлекеттік кіріс деңгейін ұстап тұру үшін экономикалық өсудің альтернативті жолдарының дамуына күш салуы керек.
  • Дағдарыс кезінде шикізатты шетелдік инвестиция көмегімен қолдау нарықтық көрсеткіштерді құтқарғанымен, жаңа жұмыс орындарын ашуға септеспейді. Сондықтан үкімет инвестиция тарту жоспарын жаңартуы қажет.
  • Қазақстан Орталық Азия елдерінің нарығын перспективалы нарық ретінде қарастырып, онда өз позициясын кеңейтуі керек.  

Жансая ҚАМБАР

20 Пікір
Сәрсенбай
Біздің билік қытаймен,Ресеймен басқа айтады ел жоқ па
Жауап беру
Жабу
Zara
Қазақстан мемлекеттік кіріс деңгейін ұстап тұру үшін экономикалық өсудің альтернативті жолдарының дамуына күш салуы керек - дегені халықты қанап, салықты көбейту, қалған тиын тебенін бюджетке тартып алып, халықты байып кетуден сақтау дегені ғой. Басқа қандай жол болушы еді. Әйтпесе көршілес Өзбек, Қырғыз сияқты нақты жолдарын ашпай ма халыққа.
Жауап беру
Жабу
Zara
Жазира
Өте дұрыс айтасыз, олар басқа жолды білмейді, ойлары сол халықты қинау, жиналыстарында қалғып-мүлгіп отырса басқа шешімін қайдан тапсын, дамып кеткен көп елдерде мұнайда жоқ, дегенмен дамып кетіп жатыр, тығырықтан шығып кетіп жатыр, халқы жақсы жағдайда өмір сүріп жатыр, ал біздің биліктегі шалдардың дайын шикізатты( мұнай, көмір т.б.) сатқаннан басқа қолдарынан ештеңе келмейтіні көрініп тұр
Жауап беру
Жабу
Нұрбибі
Өте дұрыс айтылған
Жауап беру
Жабу
Айгерим
озбектер , кыргыздар сиякты неге озимизбен озимиз омир сурмеймыз?
Жауап беру
Жабу
Карлыгаш
Дәулетжан Жарайсың оте өзекті такырып укиметтеги отыргандар га ой салар деген умиттемин
Жауап беру
Жабу
Карлыгаш
Өте дурыс пйтылган
Жауап беру
Жабу
Айнұр
Бірінші жемқорлықпен күресу керек. Қарындары кеңейіп кеткен көрінбейтін қайыршылар тұрғанда елімізге қанша инвестиция тартса да көзге көрінбейді. Жемқорларды аяусыз қыру керек. Халық жауы деп ең қауіпті жұмыстарға салу керек. Түрмеге отырғызып асырағанша. Алла өзі кешірсін. Елім жерім дейтін ұрпақ тәрбиелеу керекпіз
Жауап беру
Жабу
Айгуль
Осы 30 жылда завод фабрикалар салып жумысты кобейтип , ен аз айлык 300000жасауга болушы еди . Оздеринин камын емес , халыктын камын ойлайтын керек Адам
Жауап беру
Жабу
Айгуль
Шаттык
Завод, фабриканы коп айтып кеттик. Кытайдын 55 заводын акелип журмесин. Елимизде отырып, оз мунайымызбен кытайдын кол астында жумыс истейсиз, айлыкты аренда котертип отыр.
Жауап беру
Жабу
Шаттык
Айгуль
55 кытайдын заводы керек емес 100000айлык толегени ,озимизден салса завод фабрикалар жаксы болатын еди
Жауап беру
Жабу
КАРЛЫГАШ
ЖЕМҚОРЛАР АЗАЙСА ТЕЗ ДАМИТЫН ЕДІ ҚАЗАҚСТАН
Жауап беру
Жабу
КАРЛЫГАШ
Жазира
Әрине, сол билік басындағылардың өзі ақ құртып отыр ғой экономиканы
Жауап беру
Жабу
Жания
Әр қазақтың азаматы өз өмірін жауапкершілікке алып,жан-жақты даму жолына түскен кезде. Әрине өндіріс орындары көбейген кезде.
Жауап беру
Жабу
Жания
Айгул
Жауапкершиликтин не катысы бар ? Халык и так болмайтын байлыкка улкен жауапкершиликпен жумыс жасап жур , баска не истеу керек? Дегенди койып халыктын синирин шыгармай жагдай жасасын шаршатындар жемкорлар деп айтсанызшы шыгдыкты
Жауап беру
Жабу
Айгул
Индира
Я дұрыс айтасыз. Жемқорлардың апаны толмай халықтың күнкөрісі төмендей береді
Жауап беру
Жабу
Ықылас
Қазақстан халқына қаржылық сауаттылық керек. Сосын Қазақстан елі тауарларды өзінен шығару керек
Жауап беру
Жабу
Ықылас
Қазақстан халқына қаржылық сауаттылық керек. Сосын Қазақстан елі тауарларды өзінен шығару керек
Жауап беру
Жабу
Айнаш
Қысқасы не керек қара халықты тонаудасыңдарғой.айлық көбеймейді жекелерде.соған неге көңіл бөлмейді.жекелер ойына келген айлық бередіғой.неге талап қоймайды жекелерге.әлі неше жылғы айлықпен жүрміз
Жауап беру
Жабу
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл