472.03
540.29
6.11
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Экс-депутат 2,6 млрд теңге жымқырып, 170 миллионын казинода ұтылған
Жаңалықтар

Экс-депутат 2,6 млрд теңге жымқырып, 170 миллионын казинода ұтылған

03.07.2026
мин
0
231
Сурет: Adtana.tv

Алматы облысында 2,6 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша тергеу аяқталды. Күдіктілердің бірі – бұрынғы мәслихат депутаты, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті агроөнеркәсіп кешенін қолдауға бөлінген бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп бітірді.

Тергеу мәліметінше, заңсыз схеманы Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының бұрынғы депутаты ұйымдастырған. Ол ауыл шаруашылығы саласындағы тәжірибесі мен мемлекеттік субсидиялау тетіктерін пайдаланып, бюджет қаржысын заңсыз алу жүйесін құрған деген күдікке ілінген.

ҚМА дерегіне сәйкес, күдікті өзіне қарасты кәсіпорындармен қатар Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында тіркелген 29 шаруа қожалығын пайдаланған. Тергеу барысында мемлекетке келтірілген шығын көлемі 2,6 млрд теңге деп бағаланған.

Ведомствоның мәліметінше, жымқырылған қаражаттың 170 млн теңгесі Қонаев қаласындағы казинода құмар ойындарға жұмсалған. Ал қалған қаржының бір бөлігі микроқаржы ұйымдарының есепшоттарына аударылған.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, процессуалдық шешім қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл