Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Экс-президент Назарбаев мемлекеттік істерге араласпайды – Қошанов
Жаңалықтар

Экс-президент Назарбаев мемлекеттік істерге араласпайды – Қошанов

27.12.2023
1 мин
0
618
Фото: Piroschka Van De Wouw / Reuters

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік істерге араласпайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мәжілістің жалпы отырысынан соң БАҚ өкілі төрағаға "Қазір қоғамда сіздер құрып жатқан жаңа Қазақстан мен ескі Қазақстан арасында текетірес жүріп жатыр деген пікір бар. Себебі, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Астана клубы жиынын өткізді және Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Халықтың алаңдауына негіз бар ма?" деп сұрақ қойды.

Ерлан Қошанов алаңдауға негіз жоқ екенін, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік араласпайтынын жеткізді.

"Халықтың алаңдауына негіз жоқ. Бүгінде қос билік жоқ. Олай болуы мүмкін де емес. Бүгінде барлық шешімді халық сайлаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдап отыр.

Біріншіден, қазіргі таңда экс-президент мемлекеттік істерге араласпайды. Екіншіден, кездесулері мен іс-шараларын, жол сапарларын жеке азамат ретінде өзінің құқығын пайдаланып, өткізіп жатыр", - деді ол.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл