Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ел халқының 11,3 пайызы тұмауға қарсы вакцина алған
Жаңалықтар

Ел халқының 11,3 пайызы тұмауға қарсы вакцина алған

09.11.2022
2 мин
1
1230

Республика бойынша тұмауға қарсы 2 136 575 адам вакцина алды. Бұл - жалпы халықтың 11,3 пайызы. Аталған деректі ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рақымжанова келтірді.

«Аурудың алдын алудың ең тиімді әдісі – вакцинация. Биыл бюджет қаражатына Ресейде шығарылған «ГРИППОЛ +» вакцинасының 2,3 млн дозасы сатып алынды. Вакцина құрамында биылғы маусымда өзекті болып отырған вирустарға қарсы штамдар бар. Вакцина жалпы республика халқының 12%-ын қамтуға мүмкіндік береді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша халықтың кемінде 10%-ын қамту қажет», - деді Марал Рақымжанова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министрлік өкілінің айтуынша, осал топқа жататын азаматтарға тұмауға қарсы вакцина тегін салынады.

«Медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған және жетім, ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар, сонымен қатар балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін вакцина тегін. Одан бөлек, бұл санатқа медицина қызметкерлері де кіреді. Тұмауға қарсы вакцинация қазан айында басталды. Республика бойынша 2 136 575 адам тұмауға қарсы вакцина алды. Бұл - жалпы халықтың 11,3%», - дейді ол.

Сондай-ақ, маман вакцинадан кейін асқыну жағдайының тіркелмегенін тілге тиек етті.

Айта кетсек, тұмауға қарсы вакцина алғандардың 468 579 немесе 22 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Ал 1 667 772 не болмаса 78 пайызы ересектер.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
М
Мика 09.11.2022
Сол дымға пайдасы жоқ вакцина кімге керек еді ауаға ұшқан қайран ақша ,алдық ауырмайсың деген соң грипка қарсы вакцина ала сала қатты ауырып қалдық оданда ешқандай вакцинасыз жүргенім жақсыма деп қалдым ал енді не болды ковид ойбай ковид деп біреуін емес үшеуін алдық өткен жылы онымен қоймай грипқа қарсы алдық сонымен бізді бәрімізді салдыра береді не пайда одан бір пайдасы жоқ емі болса жақсы ғой қайталай береді қайталай береді
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл