469.83
536.83
5.97
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елде күнделікті тұтынатын қияр мен қызанақтың бағасы төмендеді
Жаңалықтар

Елде күнделікті тұтынатын қияр мен қызанақтың бағасы төмендеді

17.07.2026
мин
0
133
Сурет: kazinform

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасында төмендеу байқалды. Соңғы апталық статистикаға сәйкес, ең көп арзандаған өнімдер – қияр мен қызанақ. Сонымен қатар бірқатар өңірде басқа да күнделікті тұтынатын азық-түлік бағасы төмендеген, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 15 шілдедегі жағдай бойынша ең көп арзандаған өнім – қияр. Оның бағасы бір аптада 4,6%-ға төмендеген.

Сондай-ақ қызанақ пен сәбіз 3,2%-ға, жұмыртқа 0,4%-ға, ұн 0,3%-ға, ал тауық еті 0,2%-ға арзандаған. Бұл күнделікті тұтынатын азық-түлік бағасының бір бөлігінде оң өзгеріс байқалғанын көрсетеді.

Бағаның төмендеуі өңірлерде де тіркелді. Бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы бағасы Ақтауда 0,7%-ға, Қонаевта 0,3%-ға, Жезқазған мен Петропавлда 0,2%-ға, ал Тараз, Қарағанды және Түркістанда 0,1%-ға төмендеген. Ал Астана, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Павлодар және Семей қалаларында баға өзгеріссіз қалған.

Статистикаға сәйкес, республика бойынша қиярдың орташа бағасы бір келісі үшін 524 теңгені құрады. Ең төмен баға Тараз қаласында тіркелген – 357 теңге. Тазартылған күріштің орташа бағасы 534 теңге болса, ең арзан күріш Қызылордада (456 теңге) және Алматыда (478 теңге) сатылып жатыр.

Ақ қауданды қырыққабаттың орташа бағасы бір келісі үшін 198 теңгені құрады. Бұл өнім ең арзан Түркістанда – 137 теңге. Ал І санаттағы 10 дана жұмыртқаның орташа бағасы 561 теңге болса, ең төменгі баға Қызылордада (464 теңге) және Оралда (476 теңге) тіркелді.

Дегенмен, жекелеген өнімдердің арзандауы азық-түлік нарығында жалпы баға төмендеді дегенді білдірмейді. Бұл әзірге маусымдық көкөністердің мол шығуына байланысты қалыптасқан үрдіс. Алдағы апталардағы статистика бұл өзгерістің уақытша құбылыс па, әлде тұрақты үрдіске айнала ма, соны көрсетеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл