| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
2026 жылы 9 энергоблок пен ондаған қазандық жөнделеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Биыл елімізде энергетика саласындағы бірқатар маңызды нысандарда жөндеу жұмыстары жоспарланған. Атап айтқанда, 9 энергоблок, 55 қазандық және 51 турбина жаңартылып, күрделі жөндеуден өтеді.
Мамандардың айтуынша, бұл жұмыстар жылу электр орталықтарының техникалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде нысандардың тозу деңгейі 61 пайыздан 59 пайызға дейін төмендейді деп күтілуде.
Сонымен қатар алдағы бес жылда елімізде жылу және электр желілерін жаңғыртуға бағытталған ірі жобалар іске асырылады. Жоспар бойынша 1,6 мың шақырым жылу желісі және 78 мың шақырым электр желісі жаңартылады.
Жүргізілетін жұмыстар энергетикалық жүйенің сенімділігін арттыруға бағытталған. Нәтижесінде 2029 жылға қарай жылу желілерінің тозу деңгейін 52 пайыздан 42 пайызға дейін, ал электр желілерінің ескіруін 74 пайыздан 45 пайызға дейін төмендету көзделіп отыр.