| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда соңғы айларда қауіпті пранк жасаған блогерлерге қарсы әрекет күшейтілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері ұсақ бұзақылық жасаған 22 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Министрлік өкілдері қараша айында лифтке “мәйіт” кіргізіп, балтамен шабуыл жасаған блогерлер 15-30 тәулікке қамауға алынғанын атап өтті. Сонымен қатар, интернетте қауіпті челлендждерді таратқаны үшін де жауапкершілік қолданылған.
Министрліктің ресми өкілі былай деді:
- Құқыққа қайшы мазмұндағы контентті бақылау әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Анықталған заңсыз материалдарға қол жеткізу шектеліп, уәкілетті органдар мен сайт әкімшілерімен бірлесіп әрекет етіледі, - деді министрлік өкіл.
Жыл басынан бері 28 мыңнан астам құқыққа қарсы интернет-ресурс бұғатталған. Қалалардағы криминогендік учаскелерде полиция бекеттері тұрақты жұмыс істеп, патрульдік қызмет тәулік бойы жүргізілуде.
Министрлік қауіпті пранк пен заңсыз контенттің әсерін азайту мақсатында тұрақты профилактикалық жұмыс жүргізіп келеді.
Тым төмен дәрежеде пранк жасап, хайпқа құштар болу арқылы өз беделіңізге нұқсан келтірмеңіз. Қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігі әрбір азамат үшін маңызды.