| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Аичи-Нагоядағы Азия ойындарында дзюдодан 60 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға жолдама алды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында дзюдодан жарыс басталды. Қазақстан құрамасының сапында татамиге шыққан Елдос Сметов 60 келіге дейінгі салмақта келесі кезеңге өтті.
Қазақстандық дзюдошы ширек финалда Моңғолия өкілі Аринболд Енхтейвенмен белдесті. Сметов қарсыласын иппонмен жеңіп, жарыстың жартылай финалына шықты.
Енді Париж Олимпиадасының чемпионы финалға шығу үшін Тайбэй спортшысы Юнг-вей Янгпен кездеседі.
Бүгін Аичи-Нагоядағы Азия ойындарында дзюдодан әйелдер арасында 48 және 52 келіге дейінгі, ал ерлер арасында 60 және 66 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде жүлдегерлер анықталады.