440.86
500.77
5.27
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қызылордада мал шаруашылығына бөлінген 60 млн теңге жымқырылды: ЖШС басшысы сотқа тартылды
Жаңалықтар

Қызылордада мал шаруашылығына бөлінген 60 млн теңге жымқырылды: ЖШС басшысы сотқа тартылды

30.09.2026
мин
0
134
Сурет: gov.kz

Қызылорда облысында мал шаруашылығын дамытуға арналған инвестициялық жобадан 60 млн теңге заңсыз шығарылғаны анықталды. Қылмыстық іс бойынша компания басшысы күдікке ілініп, қамауға алынды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мал шаруашылығына бағытталған инвестициялық жоба аясындағы қаржының жымқырылуына қатысты істі тергеді.

2021 жылы «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қатысуымен «Сыздық Ата» ЖШС бірлескен кәсіпорны құрылған. Жобаның жалпы құны 311 млн теңге болған. Оның негізгі мақсаты – ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту және Жаңақорған ауданы тұрғындарын сапалы ет өнімдерімен қамтамасыз ету.

Жобаға «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы 151,5 млн теңге инвестиция салған. Қаражатқа 1 600 қой, 130 ірі қара және ет өнімдерін қаптауға арналған жабдық сатып алынуы тиіс болған.

Алайда тергеу барысында мал сатып алынғаннан кейін серіктестік басшысы қаржының бір бөлігін заңсыз шығару схемасын ұйымдастырғаны анықталған.

ҚМА мәліметінше, жалпы сомасы 60 млн теңге күдіктінің бақылауындағы «Нұрай» және «Абылайхан» жеке кәсіпкерлерінің шоттарына аударылып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Күдікті қамауға алынды. Сонымен қатар сот санкциясымен оның екі автокөлігіне тыйым салынды.

Қылмыстық іс сотқа жолданған. ҚМА Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты істің өзге мән-жайлары жарияланбайтынын хабарлады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл