Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елена Рыбакина чемпион атанды: Ұтысы үшін қанша млн доллар алды?
Жаңалықтар

Елена Рыбакина чемпион атанды: Ұтысы үшін қанша млн доллар алды?

20.03.2023
1 мин
0
1084

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Отандасымыз финалда әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь спортшысы Арина Соболенкомен кездесті.

Бір сағат 20 минутқа созылып, тартысты өрбіген бірінші партияда Рыбакина тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (13:11). Ол екінші сетте де есесін жібермеді – 6:4.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Елена 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. А.Соболенко 4 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді.

Осылайша, алғаш рет WTA 1000 жарысының жеңімпазы атанған Е.Рыбакина А.Соболенкодан Аустралия ашық чемпионатының финалында кеткен есені қайтарды.

Сондай-ақ Елена Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет әлемдік рейтингіде жетінші орынға көтеріледі.

Қазақстандық теннисші осы жарыстағы жеңісі арқасында 1 млн 262,220 мың доллар АҚШ долларын тапты. Аталмыш доданың жалпы қоры 8,8 млн АҚШ доллары болатын. Сондай-ақ Елена Рыбакина 1 мың рейтингілік ұпайға ие болды.

Фото: ашық дереккөз

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл