Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда төрт апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы өспеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz сайты 24.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Жиында инфляцияға әсер ететін факторлар талқыланып, оны тежеу шараларын әзірлеу жайы сөз болды.
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, тамыз айында жылдық инфляция 12,2 пайызға жетті. Оған ақылы қызметтер қатты әсер етіп отыр. Азық-түлік емес тауарлар бағасы орта есеппен 1 пайызға өсті. Азық-түлік инфляциясы биылғы екінші тоқсаннан бері екі есе баяулап отыр. Тамыз айында ол небәрі 0,5 пайызды құрады. Төрт апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өзгеріссіз қалып отыр. Бұл көрсеткіш жыл басынан бері алғаш рет олардың индексін 7,8 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.