Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде балалар үйінің саны екі есеге азайған
Жаңалықтар

Елімізде балалар үйінің саны екі есеге азайған

27.06.2023
1 мин
0
524
фото: kazbusiness.kz

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің хабарлауынша, соңғы 10 жылда балалар үйінің саны мен ондағы тәрбиеленушілер саны 2 есе азайған, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балалар үйлері балаларды қолдау орталықтарына айналды. Үкімет кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізу бойынша заңнамалық нормаларды әзірледі, бұл одан да көп баланы отбасылық қамқорлықпен қамтуға мүмкіндік береді.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыларға орналастыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Бүгінде отбасылық орналастырудың 4 балама түрі бар:

  • бала асырап алу;
  • қорғаншылық (қамқоршылық);
  • патронат;
  • қабылдаушы отбасы.

Қазіргі күні 3 мыңнан аса бала 116 интернаттық ұйымда тәрбиеленіп жатыр. Соңғы 10 жылда 7 мың бала өз отбасын тапты.

«Балалар үйінің азаюына интернат ұйымдарын деинституционализациялау, отбасылық орналастырудың балама нысандарын енгізу және жетім балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды материалдық қолдау саясаты әсер етті», – деді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасы Насымжан Оспанова.

Сонымен қатар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған әрбір балаға колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алуға грант беріліп, шәкіртақы төленеді. Олардың жұмысқа орналасу кезінде басым құқығы болады.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл