Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде баспана бағасы арзандады
Жаңалықтар

Елімізде баспана бағасы арзандады

10.08.2023
1 мин
0
1247
Фото: tv7.kz

Бірінші кредиттік бюро шілде айында баспана нарығында бағалар қалай өзгергенін мәлім етті, деп хабарлайды Dauletten.kz.

ҚазАқпараттың жазуынша, екінші нарықта үй бағасы арзандап келеді. Осының алдындағы айдағы көрсеткішке қарағанда, бір шаршы метрдің құны 1,7 пайызға төмендеп, 494,4 мың теңгені құрады.

Кейінгі 5 айдың төртеуінде баға түсіп жатыр (мамырда өзгерген жоқ). Мұндай жағдай 2015 жылдан бері алғаш байқалып отыр.

«Жалпы, көрсеткіштің динамикасына негізгі үлесті 5 ірі қала қосты. Астанада екінші нарықтағы үйлердің бағасы едәуір төмендеп жатыр (-3,4%). Сонымен қатар Алматы (-1,5%), Көкшетау (-1,3%) және Қостанай (-1%) қалаларында да айтарлықтай түсті. Ал Өскеменде бұл көрсеткіш (-0,5%) аса жоғары емес», – делінген бюро мәліметінде.

Жалпы, жыл басынан қайта сатылымға түскен баспана 3,7 пайызға, бір жылда 0,7 пайызға арзандады.

Сонымен қатар жаңа баспана құны да арзандаған. Дегенмен, соншалықты көп емес – 0,1%. Қазір шаршы метрі 486,2 мың теңге шамасында.

Баспананың арзандауы 4 ірі қалада байқалды, яғни Павлодар (-2,2%), Қостанай (-1,7%), Алматы (-0,6%) және Көкшетау (-0,9%) қалаларын атап өтуге болады.

Ал баспананы жалға алу құны өскен. Шілдеде жалға алынған үйдегі шаршы метрдің құны 4,7 мың теңгені құрады, бұл оның алдындағы айдың деңгейінен 1,9 пайызға жоғары.

Жалға алу құны ең көп Қарағандыда өсті – 3,9%. Одан кейінгі орында Алматы – 3,1%. Бағаның көтерілуі Петропавлда (0,6%) және Шымкентте (0,1%) де байқалды. Қалған қалаларда, оның ішінде Астанада баға өзгерген жоқ.

Жыл басынан бері жалға алу ақысы 1,5 пайызға түскен. Алайда бір жылдың қорытындысы бойынша оның құны 28,6 пайызға өсті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл