Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде мыңнан астам агроөндіруші ерте қаржыландыруға өтінім берген
Жаңалықтар

Елімізде мыңнан астам агроөндіруші ерте қаржыландыруға өтінім берген

10.12.2025
мин
0
146
Сурет: АШМ

Елімізде мыңнан астам агроөндіруші ерте қаржыландыруға өтінім берген, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы қамтамасыз етуді тапсырды. Осы тапсырманы орындау және қолдау шараларын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыстың аясында биыл «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау 1 қазанда басталды. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 149,6 млрд теңгені құрайтын 1 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің тізімі жасақталды.

Ерте қаржыландыру аграрлық сала өкілдеріне келер жылғы ауыл шаруашылығы маусымына тиімді дайындалуға, жанар-жағармайды тиімді бағамен алуға, тыңайтқыш сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеуге және қажетті тұқым қорын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осы кезеңде қаржылық ресурстарға қолжетімділік – егіс науқанын табысты өткізудің негізгі шарттарының бірі.

Бағдарлама бойынша жылдық 5%-бен жеңілдікпен сыйақы мөлшерлемесі көзделген. Бөлінген қаражатты егіс жұмыстарына дайындыққа, жинау жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ маусымдық шығындарды өтеуге бағыттауға болады. Кепілмен қамтамасыз ету мәселесінде қиындықтары бар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін кепілдік беру мүмкіндігі қарастырылған: қарыз сомасының 85%-ына дейін «Даму» қорының кепілдігімен қамтамасыз етіледі.

- Аграрлық несие корпорациясының филиалдық желісі және еліміздегі серіктес қаржы институттары арқылы жүзеге асырылады. Аграрлық несие корпорациясы іске асырып отырған кешенді тәсіл аймақтарға қарамастан фермерлерге қолдаудың қолжетімділігін және жеделдігін қамтамасыз етеді. Бұл аграрлық сектордың тұрақтылығын арттыруға және маусымдық дала жұмыстарын уақытылы жүргізуге ықпал етеді. Бағдарлама жөніндегі толық ақпарат Agrocredit.kz сайтында орналастырылған. Сондай-ақ кеңес алу үшін Call-орталық нөмірлері: 5353 (Kcell, Activ, Beeline) және +7 775 007 68 07 (Tele2, Altel) арқылы хабарласуға болады, - делінген жазбада.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл