472.31
543.72
5.86
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде оқушылардың мамандық таңдауына қатысты мониторинг басталды
Жаңалықтар

Елімізде оқушылардың мамандық таңдауына қатысты мониторинг басталды

02.04.2026
мин
0
197

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ел мектептерінде кәсіптік бағдар беру жүйесіне кешенді мониторинг жүргізеді. Мониторингтің басты мақсаты оқушыларға көрсетілетін кәсіптік бағдарлау жұмысының тиімділігін бағалау және оның олардың болашақ білім беру бағытын таңдауға нақты әсерін анықтау. Зерттеу қорытындысы мектептер арасындағы айырмашылықтарды көрсететін салыстырмалы деректер қалыптастыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Мониторинг екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:

Бірінші бағыттағы жұмыс «Келешек мектептері» желісіндегі білім беру ұйымдарын қамтиды. Бұл мектептерде 7-9 сынып оқушылары «Smart Bolashaq» корпоративтік қорының цифрлық платформасы арқылы тестілеуден өтеді. Тестілеу олардың қабілеті мен бейімін анықтауға бағытталған. Оқушылар тестілеуді ұялы телефон арқылы да тапсыра алады, ал ұйымдастыру-техникалық сүйемелдеу тегін қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар 7-9 сынып оқушыларының ата-аналары арасында сауалнама жүргізіліп, олардың кәсіптік бағдар беру жүйесі туралы хабардарлығы мен бұл үдеріске қатысу деңгейі бағаланады.

Екінші бағыт ауыл мектептерін қамтиды. Өңірлік іріктеме негізінде 8-9 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізіліп, олардың кәсіби бағдарға қатысты көзқарастары мен қажеттіліктері зерделенеді.

Мониторинг нәтижелері мектептердегі кәсіптік бағдар беру жүйесін жетілдіруге, тиімді тәжірибелерді анықтауға және оқушылардың саналы түрде мамандық таңдауына жағдай жасауға бағытталған шешімдер қабылдауға негіз болмақ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл