Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Биылдан бастап 29 қазан ресми түрде кәсіби мереке— Қазақстан кәсіпкерлері күні болып белгіленді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тиісті бұйрығына 2025 жылғы 30 шілдеде қол қойылды.
Бұл күнді таңдау маңызды тарихи оқиғаға байланысты. 2015 жылғы 29 қазанда бизнесті қолдау жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясаттың базалық қағидаттарын қалыптастыра отырып, кәсіпкерлік, инвестиция, бәсекелестік және мемлекеттік бақылау саласындағы негізгі заңнамалық актілерді шоғырландырған Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі қабылданды.
Бүгінде елімізде 2 миллион 300 мыңнан аса бизнес субъектісі тіркелген.
Кәсіпкерлерді қолдау экономикалық саясаттың басымдығының бірі болып қала береді. Жыл басынан бері 288 миллиард теңгеге 2 мыңнан астам жоба субсидияланып, 61 миллиардқа 737 жобаға кепілдік берілді. Тоғыз мыңға жуық кәсіпкер оқытылды.