Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы" бұйрыққа өзгерістер енгізуді мақұлдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Құжатқа сәйкес елімізде жаңа мерекелер пайда болды:
Қаржылық мониторинг органдары күні – 28 қаңтар;
Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні – шілденің бірінші жексенбісі;
Теміржол көлігі қызметкерлері күні – тамыздың бірінші жексенбісі;
Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика саласы қызметкерлері күні – қыркүйектің екінші жексенбісі;
Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні – 2 қазан;
Автомобиль көлігі қызметкерлері күні – қазан айының соңғы жексенбісі;
Автожол саласы қызметкерлерінің күні – қазан айының соңғы жексенбісі;
Бухгалтерлік есеп және аудит саласы қызметкерлері күні;
Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері күні – 13 желтоқсан.