Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде жаңа мереке пайда болады
Жаңалықтар

Елімізде жаңа мереке пайда болады

15.03.2023
1 мин
0
1224

Қазақстанда 2 ақпан - Ұлттық басылым күні мерекесі болып бектілуі мүмкін. Бұл ұсыныс Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысында жазылған.

«ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаеваның 2023 жылғы 13 ақпандағы тапсырмасына сәйкес, 2 ақпанды «Ұлттық басылым күні» деп атап өту ұсынылады. Осыған байланысты Қазақстандағы мерекелік күндер тізбесінің құрылымына жаңа мерекелік күн, 2 ақпан – Ұлттық басылым күні енгізіледі», - делінген қаулы жобасында.

Құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде бұл бастама бұқаралық ақпарат құралдарының маңызын айқындап, сала қызметкерлерін ынталандыру мақсатында ұсынылғаны жазылған.

«28 маусым - бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні, 2021 жылдан бастап 1 қазан - радио қызметкерлері күні деп белгіленді. Бұл дәстүр БАҚ-тың маңызын көрсете отырып, осы саладағы қызметкерлерді ынталандыра түседі. Ұлттық басылымның алғаш шыққан күнін ұлықтау Ресей, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан сияқты елдерде дәстүрге айналды. Бұқаралық ақпарат құралдарының бастауында тұрған «Қазақ» газетінің алғашқы саны шыққан күнін тарихи маңызды датаға айналдырудың маңызы зор», - деп түсіндірме берілген қаулыға.

Қаулы жобасы 3 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

Фото: qyzylqoga.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
303
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл