Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Еліміздің жоғары әскери оқу орындары курсанттар қабылдайды
Жаңалықтар

Еліміздің жоғары әскери оқу орындары курсанттар қабылдайды

13.07.2022
1 мин
3
1849

Осы жылдың 21 шілдесі мен 8 тамызы аралығында Қазақстан Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына курсанттарды қабылдау өтеді.

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде еліміздің әскери білім беру жүйесіне Алматыдағы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты және Ақтөбедегі Кеңес одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты кіреді.

Жоғары оқу орындарына түсу мерзімі заңмен белгіленген. Оған сәйкес, 2022 жылдың бірінші сәуіріне дейін аудандық және қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармалар азаматтардың өтініштерін қабылдауды жүзеге асырады. Бірінші мамырда аяқталған үміткерлерді алдын ала іріктеу рәсімінен кейін шақыру комиссиялары жоғары оқу орнына түсетін талапкерлерді анықтайды. 

Жергілікті әскери басқару органдарында алдын ала іріктеуден өткен азаматтар құжаттарын тапсыру үшін 15-20 шілде аралығында оқу орнына келуі қажет.

Әскери институтқа қабылдау төрт кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде кәсіби-психологиялық іріктеу жүзеге асырылады. Келесі кезеңде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес, түпкілікті медициналық куәландыру жүргізіледі. Үшінші кезеңде дене шынықтыру деңгейі тексеріледі. Соңынан, 5 тамызда конкурстық іріктеу және жоғары оқу орны курсанттарының құрамына қабылдау жүргізіледі.

Қабылдау комиссиясының шешімі 6 тамызда жарияланып, әскери институттың интернет-ресурсына орналастырылады. Апелляцияға өтініштер келесі күні қабылданады. 8 тамыз күні әскери оқу орны бастығының бұйрығымен қабылдау комиссиясының соңғы шешімі бекітіледі. 

Биыл Қазақстан армиясының әскери қызметшілерін шетелдік әскери оқу орындарында оқытуға іріктеу қағидаларына өзгерістер енгізілді. Енді жаңа редакцияға сәйкес, шет мемлекеттердің жоғары оқу орындарына түсу үшін іріктеу ҚР Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының бірінші курсына қабылданған әскери қызметшілер қатарынан жүзеге асырылатын болады.

Курсанттар оқу кезеңінде заттай мүлікпен, тамақпен, казармада тұрумен және ақшалай үлеспен қамтамасыз етіледі.

Айлық шығыныңыздың басым бөлігі қайда кетеді?
15297 адам
Азық-түлікке 0%
Киімге 0%
Пәтерге 0%
Көлік шығындарына 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
3 Пікір
Т
Тулегенова Айгуль Аскарова 14.07.2022
Саламатсыздарма, армияда журген балага тапсыруга боладыма?
Жауап беру
К
Камшат Бейсембаева 14.07.2022
Жогары әскери кай жерге документ тапсырамыз неше жастан кабылдайды
Жауап беру
Л
Ляззат 13.07.2022
Тақырыбы түсініксіз ғой
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл