Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елорда әуежайын дамытуға 1,1 млрд доллар инвестиция тартылады - Көлік министрлігі
Жаңалықтар

Елорда әуежайын дамытуға 1,1 млрд доллар инвестиция тартылады - Көлік министрлігі

13.05.2025
1 мин
0
108
Сурет: ашық дереккөз

ҚР Көлік министрлігі мен Terminals Astana Airport Limited компаниясы (Terminals holding құрамына кіреді, БАӘ) әуежайды және оған іргелес аумақты кешенді дамытуға бағытталған инвестициялық келісім жасасты. Инвестицияның жалпы құны 1,1 млрд долларды құрайды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Келісім аясында инвестор екінші ұшу-қону жолағын, үшінші жолаушылар терминалын, сондай-ақ жүктерге арналған cargo терминалын салады. Сондай-ақ, инвестор индустриялық - логистикалық аймағы мен қонақ үйлері, сауда алаңдары, логистикалық терминалдары бар бизнес-кластерді қамтитын көпфункционалды аэротрополис кешешін дамытуды жоспарлап отыр.

Бұдан басқа, арнайы техника паркін жаңарту, цифрлық шешімдер мен автоматтандыру жүйелерін енгізу, әуежай қызметкерлерін кезең-кезеңімен оқытып, біліктілікті арттыру жұмыстары жоспарланды. Қызметкерлер халықаралық авиациялық талаптарға сәйкес арнайы тренингтерден өтеді.

Сонымен қатар ҚР Көлік министрлігі мен БАӘ Энергетика және инфрақұрылым министрлігі арасында автомобиль көлігі саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Тараптар техникалық біліммен, дағдылармен және озық тәжірибе алмасуға ниетті. Жақын арада ҚР мен БАӘ арасындағы автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдау мәселелерін регламенттеуге мүмкіндік беретін Үкіметаралық келісімге қол қойылады деп күтілуде.

Қазіргі таңда Қазақстан халықаралық автотасымалдау аясында 42 Үкіметаралық келісім жасасты.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл