499.83
581.5
6.42
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елорда клиникалары ITB Berlin-2026 халықаралық туристік көрмесіне қатысып жатыр
Жаңалықтар

Елорда клиникалары ITB Berlin-2026 халықаралық туристік көрмесіне қатысып жатыр

04.03.2026
мин
0
125

Елордадағы Green Clinic және Prime Green Clinic медициналық делегациясы әлемдегі ең ірі халықаралық туристік көрмелердің бірі — ITB Berlin-2026-ға қатысуда. Көрме 3–5 наурыз аралығында Берлин қаласында өтіп жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

60 жылдан астам тарихы бар ITB Berlin туристік индустрияның жетекші жаһандық B2B алаңы саналады. Бұл көрме 170-тен астам елден келген мыңдаған экспоненттер мен ондаған мың салалық мамандs біріктіреді. Клиникалардың қатысуы халықаралық әріптестікті дамытуға және Қазақстанның медициналық қызметтерін жаһандық деңгейде танытуға бағытталған.

Green Clinic және Prime Green Clinic заманауи диагностика, емдеу және оңалту тәсілдерін ұсынып, медициналық қызмет көрсету сапасының жоғары деңгейін және инновациялық технологиялардың енгізілуін көрсетуде. Негізгі бағыттардың қатарында хирургия, ортопедия, урология, оңалту бағдарламалары, офтальмология, пластикалық және бариатриялық хирургия, сондай-ақ кешенді check-up бағдарламалары бар.

Клиникалар күрделі клиникалық жағдайларды емдеуде қолданылатын озық шешімдерді қамтитын жоғары технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл диагностика дәлдігін арттырып, ем нәтижелілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Көрме аясында Green Clinic және Prime Green Clinic өкілдері Еуропа мен Азия елдерінің туроператорларымен, сақтандыру компанияларымен, медициналық делдалдармен және салалық қауымдастықтармен бірқатар B2B кездесулер өткізуде. Қатысушылар ашық баға саясатын, күту уақытының қысқалығын және қызмет сапасының жоғары деңгейін ұсынатын клиникаларға қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтуде.

- ITB Berlin көрмесіне қатысу – клиникамыздың халықаралық деңгейдегі позициясын нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Біз пациенттерге сапалы ем ғана емес, әлемдік стандарттарға сай кешенді қызмет ұсынуды мақсат етеміз, - деді Prime Green Clinic басшысы Жүсіпов Ерлан.

 Халықаралық медициналық туризмді дамыту менеджері Бейсенова Құндыз да өз ойын білдірді.

- Біз пациенттерді алғашқы кеңестен бастап емдеу мен оңалту толық аяқталғанға дейін сүйемелдейміз. Мұндай тәсіл сенім қалыптастырып, медициналық қызметтерді шетел азаматтары үшін қолжетімді әрі түсінікті етеді, — деді ол.

Green Clinic және Prime Green Clinic-тің ITB Berlin 2026 көрмесіне қатысуы олардың халықаралық бағытты жүйелі түрде дамытуға дайын екенін және медициналық туризм нарығындағы позициясын нығайтуға ұмтылысын көрсетеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл