Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елордада көлік картасының бағасы қымбаттайды
Жаңалықтар

Елордада көлік картасының бағасы қымбаттайды

27.08.2020
1 мин
0
944

Нұр-Сұлтан қаласында 1 қыркүйектен бастап қоғамдық көлік карталарының бағасы қымбаттайды.

Қалада жол ақысын электронды жүйе арқылы төлеу қызметі 2016 жылы іске асқан. Төлем жасауға негізделген карта бағасы 400 теңге болған. Десе де, ағымдағы  жылдың 1 қыркүйегінен бастап карта бағасы 100 теңгеге қымбаттап, 500 теңге болады.

"2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектеп, жеңілдігі бар және азаматтардың барлық санаттары үшін көлік карталарын шығару және қайта шығарудың бағасы 500 теңге болады", - делінген ресми хабарламада.

Мамандардың айтуы бойынша, бағаның қымбаттауы картаға жұмсалатын материалдардың қымбаттауына байланысты. Сондай-ақ бұған дейін қолданыстағы карталар жарамды, оларды ауыстырудың қажеті жоқ.

Еске сала кетейік, 28 тамыздан бастап елордадағы қоғамдық көліктердің жұмыс істеу уақыты 23:00-ге дейін ұзартылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
296
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл