| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астана қаласында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Сегіз қырлы, бір сырлы» жобасы аясында «Мектеп барысы» атты қазақ күресінен турнир өтті, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тартысты дода «Dauletten» қайырымдылық қоры мен «GBG Құрылыс» компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды.
Ұлттық рухты асқақтатуға бағытталған бұл дода жас спортшылардың күш-жігерін, батылдығын және қазақ күресіне деген ерекше қызығушылығын айқын көрсетті. Турнир тартысты белдесулерге толы өтіп, көрермендерге әсерлі сәт сыйлады.
Жарыс үш салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылды: 55 кг, 65 кг және түйе палуан. Әр салмақта қатысушылар өзара мықтыны анықтап, жеңіс үшін барын салды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
55 кг салмақ дәрежесі бойынша:
• І орын — Мамыр Абдурахим
• ІІ орын — Сапарғалиев Саят
• ІІІ орын — Абдукаримов Нұртілеу
65 кг салмақ дәрежесі бойынша:
• І орын — Әбілдаев Сырым
• ІІ орын — Тұрсынбай Нұрасыл
• ІІІ орын — Жомарт Бейбарыс
Түйе палуан санаты бойынша:
• І орын — Мұрат Ұлан
• ІІ орын — Марат Ернұр
• ІІІ орын — Ермекбай Бекдәулет
«GBG Құрылыс» компаниясы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ақшалай сыйлықтармен және арнайы белбеулермен марапаттады. І орын иегерлеріне 30 000 теңге мен арнайы белбеу табысталса, ІІ орынға — 20 000 теңге, ал ІІІ орынға — 10 000 теңге берілді.
Аталған спорттық шара жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, ұлттық спорт түрлерін насихаттауға және өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рухты нығайтуға бағытталған маңызды алаңға айналды.