| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Астана әкімдігі Мемлекеттік рәміздер күніне орай 4 маусымда «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» телемарафонын іске қосады, деп хабарлайды Dauletten.kz ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.
Телемарафонның мақсаты – Қазақстанның патриоттық рухын арттыру және азаматтарды жалпықазақстандық құндылықтар мен идеялармен таныстыру.
Телемарафонның бағдарламалық іс-шаралары мереке күні сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін Астана әкімдігінің Youtube-каналында өтеді.
Олардың ішінде:
- ақпараттық роликтер;
- мемлекеттік және саяси қайраткерлер, елдің танымал тұлғаларымен сұхбат;
- патриоттық іс-шаралар.