| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Елордада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері өлі табылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметі мәлімдеді.
21 сәуірде Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды.
– Полиция органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Болған оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр, — делінген хабарламада.
Марқұмның ҰҚК сыртқы барлау қызметінде жоғары лауазымды қызмет атқарғаны туралы ақпарат бар. Ол өзіне-өзі қол жұмсады немесе биіктен құлаған болуы мүмкін.