Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елордада жыл басынан бері 360-тан астам бизнес идеяға грант берілді
Жаңалықтар

Елордада жыл басынан бері 360-тан астам бизнес идеяға грант берілді

25.08.2021
1 мин
0
1084

Нұр-Сұлтан қаласында жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік грант алу жөніндегі үміткерлер өтінішін қарау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Бұл жолы сегіз үміткерге мемлекеттік грант беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Комиссия отырысында жартылай фабрикаттар өндірісі, кондитерлік өнімдер, киім тігіні, сұлулық салондарының қызметтері секілді түрлі бағыттағы кәсіптер қолдау тапты.

Мемлекеттік грантты кімдер ала алады? Мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер: жұмыссыз адамдар, кәсіпкерлер және өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты аясында оқуын аяқтаған адамдар.

Айта кетейік, жыл соңына дейін жалпы саны 400 мемлекеттік грант беру жоспарланып отыр. Ал бүгінге дейін 363 өтініш қолдау тапты. Биылғы гранттың ең жоғарғы мөлшері – 200 АЕК (583 400 теңге).

Мемлекеттік грант алу жөнінде ақпарат алу үшін Бейбітшілік көшесі, 25, «Өркен» бизнес орталығына баруға немесе 8 (7172) 95 44 16; 8 (7172) 954418 нөмірлеріне хабарласып білуге болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл