Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанадағы №84 мектеп-лицейінде оқу процесіне жасанды интеллект технологиялары енгізілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Жаңа бастама білім сапасын арттыруға, мұғалімдер мен оқушылар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Мектеп инновацияны енгізуде Google Workspace for Educationплатформасын таңдады. Google Classroom, Docs, Sheets, Slides және Forms құралдары сабақ жоспарын әзірлеуді жеңілдетіп, тапсырмаларды орындау мен кері байланысты жылдамдатады.
Сонымен бірге оқу процесіне Gemini AI платформасы қосылды. Жасанды интеллект оқушылардың қажеттіліктеріне бейімделген оқу материалдарын дайындауға, автоматты түрде тест құрастыруға, жұмыстарды әділ әрі жедел бағалауға мүмкіндік береді.
Мектеп директоры Самал Нұғыманованың айтуынша, бұл қадам мұғалімдердің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, оқушылардың білім алуына жаңа серпін бермек.
- Ең бастысы – әр баланың қабілеті мен қызығушылығына сай білім алуына жағдай жасалады, – деді ол.