| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметіне Елжас Отыншиев тағайындалды. Ол бұған дейін «Самұрық-Қазына» қорында стратегиялық активтерді басқаруға жетекшілік еткен, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып Елжас Отыншиев тағайындалды.
Елжас Отыншиев 1982 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген. Мәскеу физика-техникалық институтында «Жалпы және қолданбалы физика» мамандығы бойынша бакалавр және магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2007 жылы Ernst & Young компаниясының Мәскеудегі кеңсесінде бизнесті бағалау және мәмілелерді сүйемелдеу жөніндегі консультант ретінде бастаған.
2009–2019 жылдары «Самұрық-Қазына» қоры мен оның еншілес ұйымдарында түрлі қызметтер атқарды. Кейін инвестициялық жобалар мен активтерді басқару бағытында жұмыс істеп, 2023 жылдан бері «Самұрық-Қазына» қорының Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры болды. Бұл қызметте мұнай-газ, теміржол, тау-кен және басқа да ірі салалардағы портфельдік компанияларға жетекшілік етті.
2024 жылдың ақпанынан бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі болған. Ал 2023 жылы «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталған.
Жаңа басшының тағайындалуы елдегі теміржол саласын жаңғырту, жүк тасымалының тиімділігін арттыру және инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстарға серпін беруі мүмкін. Компания алдында транзиттік әлеуетті күшейту мен қызмет сапасын жақсарту секілді маңызды міндеттер тұр.