Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төлем алуға өтінімді электрондық форматта беруге болады
Жаңалықтар

Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төлем алуға өтінімді электрондық форматта беруге болады

31.08.2022
1 мин
2
1822

Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті алуға өтінішті енді электрондық үкімет порталы (eGov.kz порталы) арқылы беруге болады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұрын өтініштер ХҚКО және медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) бөлімдері арқылы қағаз түрінде қабылданған еді.

Қызмет көрсетудің жаңа онлайн-форматы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды. 

eGov.kz порталы арқылы «Отбасыларға көмек» бөлімінде өтініш беру үшін «Еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» тармағын таңдау қажет.

Осыдан кейін пайдаланушы порталда авторизациялануы, онлайн қызметке тапсырыс беруі, барлық міндетті мәліметтерді толтыруы және өтінімге электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қоюы қажет.

Қызмет көрсету мерзімі 8 жұмыс күнін құрайды. Еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау туралы хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап пайдаланушының жеке кабинетіне жіберіледі.

Қызметті алу үшін мүгедектіктің болуы және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы ақпарат (МӘС бөлімінің қорытындысы), сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және оған соңғы 24 айда түскен түсімдер туралы деректер талап етіледі, олар Еңбекминінің ақпараттық жүйелерінен автоматты түрде тексеріледі.

Депозитке ай сайын ақша салып тұрасыз ба?
7844 адам
Иә 0%
Жоқ 0%
Кейде 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
2 Пікір
А
Алмагул мамырова 31.08.2022
Салеметсизба мен жумыспен камыту орталыгнда жумыс жасагам ден саулыгыма байланысты жумыстан шыгарып жиберди жумыска жарамсыз справка бар маган кандай комек болады 3 топ мугедекпин
Жауап беру
К
Кана 31.08.2022
Мугедек адамның акшасыы доход болп есептеледі бұл дұрс емес 1гр паның
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл