Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Еңбек нарығы: елімізде ең жоғары жалақы кімдерге тиесілі?
Жаңалықтар

Еңбек нарығы: елімізде ең жоғары жалақы кімдерге тиесілі?

21.02.2026
мин
0
268
Сурет: ЖИ/Dauletten.kz

Еліміздегі еңбек нарығында жоғары жалақы төленетін және жоғары табысқа үміткер мамандықтар белгілі болды. Қаңтар айындағы деректерге сүйенсек, жұмыс берушілер ең қомақты еңбекақыны өндірістік және техникалық бағыттағы білікті мамандарға ұсынған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Атап айтқанда, бұрғылау жөніндегі супервайзерлердің айлығы 991 мың теңгеден басталады. Өндіруші өнеркәсіп саласындағы учаске бастықтарына кемінде 876 мың теңге ұсынылса, бас геологтардың жалақысы 803 мың теңгеден жоғары.

Ал жұмыс іздеушілердің жалақыға қатысты күтімі бұдан да жоғары. Жаңа өнімдерді әзірлеу жөніндегі жоба жетекшілері айына 1,3 миллион теңге табыс табуды көздейді. Жеке сектордағы коммерциялық директорлар 1,2 миллион теңге көлемінде жалақы алғысы келетінін білдірсе, іске қосу және сынақтар жөніндегі инженерлер 865 мың теңге көлеміндегі еңбекақыны лайық көреді.

Осылайша, нарықтағы сұраныс пен үміткерлердің қаржылық талабы арасында белгілі бір айырмашылық байқалады. Дегенмен жоғары біліктілік пен жауапкершілігі мол қызметтерге төленетін жалақы көлемі елдегі ең жоғары көрсеткіштердің қатарында.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл