Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Еңбек нарығында мұғалімдер жетіспейді, ал заңгерлер артық
Жаңалықтар

Еңбек нарығында мұғалімдер жетіспейді, ал заңгерлер артық

04.02.2021
1 мин
6
1785

Былтыр Қазақстанда құрылысшылар мен мұғалімдер жетіспеді, ал заңгерлер мен кеңсе қызметкерлері керісінше тым көп болды.  

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2020 жылы электрондық еңбек биржасындағы бос жұмыс орындарының саны 11%-ке, яғни 925 мыңға дейін артты. Оның 600 мыңы білікті қызметкерлерге арналған.

Түйіндемелер саны да 10%-ке артып, 630 мыңға жетті. Оның 367 мыңында білікті еңбек көзделген.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы Болжамдау департаментінің директоры Дмитрий Шумековтың айтуынша, былтыр ел бойынша орташа есеппен бос жұмыс орындары түйіндемеге қарағанда 300 мыңға артық болған көрінеді. Десе де, өңірлер бойынша Қызылорда, Түркістан, Атырау, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында түйіндеме саны бос жұмыс орындарынан асып кеткен.

Ал білікті жұмысшылар арасында ең сұранысқа ие мамандар орта мектеп мұғалімдері, құрылысшы-монтажшылар, сондай-ақ жеңіл автокөліктер мен такси жүргізушілері болды.

«Көптеген өңірлерде орта мектеп мұғалімдері сұранысқа ие мамандардың үштігіне енді. Олар тек Қостанай облысында және Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында ғана топ-3-те жоқ. Құрылысшы-монтажшыларда да ұқсас жағдай. Олардың тек Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында ғана қажеттігі жоғары емес. Сонымен қатар, өңірлерде жеңіл автокөлік жүргізушілері, бойлерлер мен бу машиналарының операторлары, дүкендердегі супервайзерлер мен сатушылар және күтім бойынша орта медициналық қызметкерлер сұранысқа ие», – деп нақтылады Д.Шумеков.

Бос жұмыс орын санының түйіндеме санынан артуы әсіресе құрылыс саласында байқалады. Құрылысшы-монтажшылар 16,8 мыңға, дәнекерлеушілер мен газкескіштер 9,7 мыңға, бетоншылар 6,3 мыңға, крандар, көтергіштер және соған ұқсас жабдықтар операторлары 5,8 мыңға артқан.

Оған қоса, еңбек нарығындағы тапшы мамандықтарға орта мектеп мұғалімдері (бос орын түйіндемеге қарағанда 9,3 мыңға көп), сатушылар (8,9 мыңға), күзетшілер (8,5 мыңға), сондай-ақ күтім бойынша орта медициналық қызметкерлер (7,7 мыңға) жатады.

Еңбек нарығында артық мамандарға заңгерлер (5,8 мыңға артық), кең бейінді кеңсе қызметкерлері (3 мыңға), қаржы мәселелері жөніндегі кеңесшілер (1,8 мыңға), талдаушылар мен зерттеушілер (1,7 мың) жатады.

Бұдан бөлек, 2020 жылы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі кәсіби мамандардың (2,3 мың), өнеркәсіп пен өндірістегі техниктердің (1,8 мың), техник-электрониктердің (1,8 мың), сондай-ақ құрылыс бригадирлерінің (1,6 мың) артық екені анықталды.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
6 Пікір
А
Айша 05.02.2021
Ай осы өтірік ау. Керісінше жұмысқа кіре алмайсың ғой метепке
Жауап беру
М
Майра 05.02.2021
мен көп балалы анамын уй алуыма болама
Жауап беру
Ж
Жанар 04.02.2021
Қайдам,жоғары біліммен де орын жоқ қой мектептерде
Жауап беру
Н
Нургул 04.02.2021
Менде мұғалім болып кіре алмадым орын жоқ деді неге өтірік айта береді
Жауап беру
Ф
Феруза 04.02.2021
Мен биология пәннің маманымын бірак канша мектепке бардым орын жок деді
Жауап беру
А
Арайлым 04.02.2021
Мен биыл мұғалім болып кырейын деп едім неше мектеп алмады орын жоқ деп
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл