472.31
543.72
5.86
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Еңбек өтілі басты талапқа айналуы мүмкін: сенатор зейнетақы жүйесін өзгертуді ұсынды
Жаңалықтар

Еңбек өтілі басты талапқа айналуы мүмкін: сенатор зейнетақы жүйесін өзгертуді ұсынды

02.04.2026
мин
0
85
Сурет: gov.kz

Қазақстанда зейнетке шығу жасы қайта қаралуы мүмкін, — деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Қазақстанда зейнетақы жүйесін реформалауға бағытталған жаңа ұсыныстар күн тәртібіне шықты. Сенатор Амангелді Нұғманов қолданыстағы жасқа негізделген модельден біртіндеп бас тартып, еңбек өтіліне сүйенетін жүйеге көшу бастамасын көтерді.

Оның айтуынша, мұндай өзгеріс азаматтарға зейнетке шығу уақытын өздері анықтауға мүмкіндік береді. Яғни, адам қажетті еңбек өтілін жинағаннан кейін жұмысын жалғастыру немесе зейнетке шығу туралы шешімді дербес қабылдай алады. Бұл ретте әр азамат өз таңдауының экономикалық салдарына да өзі жауап береді.

Сенатор бұл тәжірибе еліміз үшін таңсық емес екенін атап өтті. Қазіргі таңда әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері еңбек сіңірген жылдарына қарай зейнетке шығады. Осыған ұқсас тетікті өзге де азаматтар санатына енгізу мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.

Сонымен қатар, Нұғманов медициналық көрсеткіштерге байланысты мерзімінен бұрын зейнетке шығу нормаларын заңнамаға енгізуді ұсынды. Атап айтқанда, уәкілетті орган бекітетін аурулар тізбесіне сәйкес, денсаулығына байланысты жұмыс істеуге мүмкіндігі шектеулі азаматтарға зейнетке ерте шығу құқығын беру көзделіп отыр. Бұл шешім әлеуметтік әділеттілікті арттырып, жүйедегі олқылықтарды жоюға ықпал етпек.

Бұдан бөлек, ресми мүгедектігі жоқ, бірақ созылмалы немесе кәсіби ауруларға байланысты еңбекке қабілеті төмендеген азаматтарға да ерекше назар аудару ұсынылды. Қазіргі заңнама мұндай жағдайларды толық қамтымайды, соның салдарынан көптеген азаматтар әлеуметтік қолдаудан тыс қалып отыр.

Сенатордың пікірінше, ұсынылған реформалар зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын күшейтіп қана қоймай, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және қоғамдағы масылдық көңіл-күйді азайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл өзгерістер мемлекеттік бюджет пен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына түсетін жүктемені жеңілдетуі мүмкін

Барлық ұсыныстарды жан-жақты қарастыру үшін депутат мемлекеттік органдар, сарапшылар, ғалымдар және азаматтық қоғам өкілдері қатысатын арнайы жұмыс тобын құруды ұсынды. Оның айтуынша, дәл осындай ашық әрі кәсіби алаңда қоғам қолдайтын тиімді шешімдер әзірленуі тиіс.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл