| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның көптеген өңірінде қолайсыз ауа райы орнайды: жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ түседі, — деп хбарлайды Dauletten.kz.
Алдағы тәуліктерде Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Мамандардың мәліметінше, көптеген өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсуі ықтимал.
Әсіресе елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда нөсер жаңбыр жауады деп күтілуде. Бұл аймақтарда жауын-шашын көлемі әдеттегіден жоғары болуы мүмкін.
Ал жауын-шашынсыз ауа райы тек шығыс өңірлерде сақталады. Дегенмен, бұл аймақтарда да желдің күшеюі байқалуы ықтимал.
Синоптиктер республика бойынша желдің күшейетінін ескертеді. Оңтүстік өңірлерде жел шаңды дауылға ұласуы мүмкін. Ал батыс пен оңтүстік-шығыста түнгі және таңғы уақыттарда тұман түсіп, көріну деңгейі төмендейді.